Аңдатпа
Бұл мақалада елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өмір сүру деңгейін, халықты жұмыспен қамту мәселелерін және тағы басқада көрсеткіштерді сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық негіздер қарастырылған. 2010-2022 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын және еңбек нарығының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер талданып, жүйеленген.
Ресми мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне сүйене отырып, тұтастай алғанда елдің, атап айтқанда, әлеуметтік саланың даму деңгейінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілген. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатының құрамдас бөліктері анықталып, оның жай-күйіне талдау жүргізіліп, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын арттыруға кедергі келтіретін проблемалардың пайда болуының ықтимал себептері анықталған.
Бірқатар жылдардағы ресми статистика деректерін пайдалана отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуы мен сапалы және сандық өмір сүру индикаторларымен қамтамасыз етілуі бойынша, негізгі көрсеткіштердің өзгерістері (кедейлік деңгейі, жұмыспен қамтылу деңгейі, жұмыссыздардың ауқымы, қоғамның кедей және байлар қабаттарының болуы және т.б.) талданды. Осы негізде ел экономикасының әлеуметтік аспектілерін трансформациялау тенденциялары, қоғамның осал топтарына қатысты мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды талап ететін екіұштылық негізді түрде ұсынылған.
Авторлармен бірнеше жылдар бойы қоғамдағы халықтың 10 және 20 пайыздық топтары бойынша кірістердің біркелкі бөлінбеушілік дәрежесін сипаттайтын маңызды индикаторлар ретінде қорлар мен Джини коэффициенттері талдалған.