Аңдатпа
Мақалада ел астанасын сумен жабдықтау және су құбырларымен қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорын қызметіне, кәсіпорынның қызмет көрсету тарифтерін көрсете отырып, оның ішінде өңірлер бөлінісінде, олардың тозуы, кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігіне, сумен жабдықтау мәселелері мен су құбырлары жүйесін жаңарту үшін бөлінген несиелер бойынша ақпаратты келтіре отырып, су құбырлары мен канализациялық желілердің жай-күйіне талдау келтірілген.
Активтер мен артық шығындардың тиімсіз пайдаланылуының, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның қаражатын тиімсіз жоспарлаудың және жұмсалуының мысалдары келтірілген, несиелік міндеттемелер орындалмаған жағдайда, несиелік қаражат бойынша жергілікті атқарушы органның стратегиялық нысандары болып табылатын және шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы кепіл мүлкін өндіріп алу мехнизімінің болмауы сипатталады.
Мемлекеттік аудит және талдау қорытындылары бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар беріледі, олардың мақсаты мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.