PDF

Кілтті сөздер

мемлекеттік органдарды бағалау
мемлекеттік қызметтер
мемлекеттік қызметшілер
эконометрикалық талдау

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Смағұлова, Ш., Бастыков, Д., Саржанов, Т., & Сайымова, М. (2024). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 62(1), 85–93. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-85-93

Аңдатпа

Шетелдік тәжірибеде мемлекет органдарының стратегиялық дамуы, реформаларды іске асыру қажеттілігі және олардың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарды жыл сайынғы бағалау туралы айтылды. Ғылыми жұмыста Қазақстанда "Әділетті мемлекет" моделін құру үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажет екендігі негізделген. Мақала азаматтар мен заңды тұлғаларға цифрлық қызмет көрсету сапасына негізделген. Бұл зерттеуде келесі әдістер қолданылды: библиографиялық шолу, логика, кестелік-статистикалық, факторлық және салыстырмалы талдау, эконометрикалық модельдеу. Зерттеудің негізгі нәтижелерінде: Қазақстанның мемлекеттік басқару саласын оңтайландыру тұрғысынан мемлекеттік органдарды бағалауды құру эволюциясы ашылды; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен санына әсер ететін экономикалық факторларды белгілеу бойынша экономикалық-математикалық модельдеу іске асырылды, оған мыналар жатады - еліміздегі мемлекеттік шенеуніктердің жалақы деңгейін арттыру және штатын оңтайландыру; ҚР мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар ұсынылды.

Ұсынылған зерттеулердің құндылығы ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыруда және Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-62-1-85-93
PDF