PDF (Ру)

Кілтті сөздер

жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік басқару
ауылдық округ
бюджет
мемлекет
жергілікті қоғамдастық
ауыл тұрғындары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Пупышева T., Филюк H., & Ставбуник E. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 72–82. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-72-82

Аңдатпа

Билікті орталықсыздандыру, демек, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері өзекті бола түсуде. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерін шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл бағытта белгілі нәтижелерге қол жеткізілді. Дегенмен, теориялық және әдістемелік тәсілдердің алуан түрлілігі негізінде шешуді қажет ететін көптеген қиындықтар мен мәселелер бар. Теориялық және эмпирикалық әдістер кешенін пайдалануға негізделген мақалада Қазақстан Республикасының ауылдық округтеріндегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселелері қарастырылған. Бұл мәселенің негізгі тәсілдері талданады, олардың негізінде Қазақстанның ауылдық округтеріндегі жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін одан әрі зерттеу қажеттілігі негізделеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық және континенттік үлгілерін салыстырмалы талдау негізінде авторлар біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан жергілікті өзін-өзі басқару моделін сипаттады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына әсер ететін негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды анықтауға мүмкіндік беретін PEST талдауы жүргізілді. Қазақстан Республикасының ауылдық округтерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңғыртудың келешегі мен бағыттары көрсетілген.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-72-82
PDF (Ру)