PDF (Ру)

Кілтті сөздер

төлем карталары
қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар
төлем жүйелері
ақша айналымы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Суханбердина, Б., Курманова, Г., & Утешкалиева, А. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 47–60. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-47-60

Аңдатпа

Дамыған төлем жүйесі шетелдік туристерді, инвесторларды, контрагенттерді тартуға мүмкіндік беретін елдің бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Тиімді жұмыс істейтін төлем жүйесі отандық бизнестің дамуына ықпал етеді, ақша айналымын жеделдетеді және ақша жүйесінің тиімділігін арттырады. Қаржылық ақпаратты өңдеуді жеделдету, ақпаратты қорғаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ету, төлем банк карталарына үздіксіз техникалық қызмет көрсету
төлем картасын есеп айырысудың ең тартымды түрлерінің біріне айналдырды.
Мақалада транзакциялар саны мен төлемдер көлемі бөлінісінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын төлем құралдарының айналымы талданды, сондай-ақ өңірлер мен төлем жүйелері бөлінісінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінде төлем карталары айналымының ерекшеліктері ашылды. Төлем карталарын ақша айналымына қатысушылар
үшін есеп айырысу нысаны ретінде қолданудың артықшылықтары тұжырымдалған. Төлем карталарын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны ретінде одан әрі дамытуға кедергі келтіретін проблемалар анықталды, оның ішінде клиенттер мен
шоттар туралы Банктік ақпараттың қауіпсіздігі мәселелері ашылды. Бірыңғай ұлттық карточкалық төлем жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы экономикасының осалдығына алып келеді. Төлем карталарын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
нысаны ретінде одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар ұсынылған.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-47-60
PDF (Ру)