PDF (Ру)

Кілтті сөздер

тұрақты даму, экологиялық аудит, қаржылық есептіліктің экологиялық аспектілері, экологиялық есеп, экологиялық актив, экологиялық міндеттеме

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кыздарбекова, А., Оралбаева, Ж., & Нурлихина, Г. (2023). ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 35–46. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-35-46

Аңдатпа

Тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні экономиканың жеке секторларындағы ұйымдар шеңберінде өте өзекті болып отыр. Осы тұжырымдаманың үш негізгі аспектісі, яғни экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілер арасындағы тепе-теңдікті сақтау ұйым қызметінің маңызды бағытына айналуда.
Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі өнеркәсіптік ұйымдардың қоршаған ортаға теріс әсеріне қатысты ақпараттық ашықтықты, сондай-ақ мұндай әсерді азайту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады. Өз кезегінде, тұрақты дамуға мүдделі барлық тараптардың ақпараттық қажеттіліктерінің ерекшелігі еліміздегі экологиялық аудитті дамыту мәселелерінің өзектілігін анықтайды
Мақаланың мақсаты - ұйымдардың тұрақты дамуын жүзеге асыру аясында қаржылық есептіліктегі экологиялық мәселелерге аудит жүргізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Мақалада жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістері қолданылады.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ұйымдардың есептік ақпараттарына экологиялық аудитті ұйымдастыру негіздерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ережелер дамытылды.
Экологиялық мәселелер көптеген ұйымдар үшін өте маңызды болады және қаржылық есептілікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осы мәселелер қаржылық есептілікті пайдаланушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Егер экологиялық мәселелер субъекті үшін маңызды болса, осындай мәселелердің нәтижесінде қаржылық есептіліктегі фактілердің елеулі бұрмалану қаупі (оның ішінде жеткіліксіз ашылуы) болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда аудитор қаржылық есептілікке аудит жүргізу кезінде экологиялық мәселелерге ерекше назар аударуы керек.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-35-46
PDF (Ру)