PDF (Ру)

Кілтті сөздер

кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, меншікті және тартылған қаражат көздері, қаржылық тұрақтылықтың түрлері, тексерілген қаржылық есеп беру, кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтері мен міндеттемелері, бос ақша қаражаттары

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абдрахманова, А., Бельгибаева, А., & Сартов, У. (2023). КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 83–97. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-83-97

Аңдатпа

Мақалада кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқарудың өзекті мәселелері қарастырылған.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау кәсіпорын қызметінің маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Қаржылық тұрақтылықты нығайту кәсіпорынның басым міндеті, оның тиімді жұмыс істеуінің негізгі алғышарты болып табылады. Зерттеудің мақсаты Республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдаланумен, күтіп-ұстаумен және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, суармалы және ауыз су берумен айналысатын кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын айқындау, сондай-ақ оны арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Мақсатқа жету үшін жұмыста келесі зерттеу әдістері қолданылды: экономикалық-статистикалық, баланстық және монографиялық (талданатын кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау кезінде), дерексіз-логикалық (кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау ерекшеліктерін анықтау үшін). Қаржылық
көрсеткіштерді есептеу соңғы 5 жылдағы (2018-2022 жж.) динамикада орындалды. Зерттеу материалын алу көзі
«Қазводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Қазводхоз»РМК) қаржылық есептілігі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы талданатын кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты бағалаудың қарастырылған
тәсілдері мен әдістерін теориялық негіздеу және практикалық іске асыру болып табылады. Зерттеудің негізгі нәтижелері: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының теориялық аспектілері зерттелді, «Қазводхоз» РМК-ның соңғы бес жылдағы (2018-2022 жж.) қаржылық жағдайы талданды, аудиттелген қаржылық есептілік негізінде кәсіпорынның қаржылық коэффициенттері есептелді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру бағыттары ұсынылды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-83-97
PDF (Ру)