PDF (Ру)

Кілтті сөздер

мемлекеттік аудит
мемлекеттік органдардағы ішкі аудит
ішкі аудит қызметі
BAI
аудиторлық делегация
электрондық үкімет жүйесі
тиімділік аудиті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Канапина A., Бейсенова L., & Абжалова B. (2023). ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 61(4), 206–216. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-206-216

Аңдатпа

 Мақалада Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарында ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу
ерекшеліктері қарастырылады. Жұмыста жүйелік және институционалдық тәсілдер, индукция және дедукция әдістері, жалпылау, тарихи-логикалық, салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылады. Теориялық зерттеу әдістері, оның ішінде ұсынылған ақпаратты талдау және синтездеу қолданылады. Мемлекеттік органдардың ішкі аудитін жүргізудің сипаттамалық ерекшеліктері мен әдістері ашылған. Ел дамуының стратегиялық басымдықтарын іске асыруға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру құралдары айқындалды. Қарқынды дамып келе жатқан елдердің бүгінгі әлемінде тәуелсіздік қағидасын басқаларға беру және қолдау үрдісі кең таралған. Оңтүстік Кореяның мемлекеттік секторындағы ішкі аудит жүйесін талдау елдің
экономикалық процестерінде ақпараттық технологиялардың басымдылығын тағы бір рет дәлелдеді. Корея Республикасының мысалында министрліктер арасында цифрланған ақпарат алмасу жүйесін енгізу арқылы ішкі мемлекеттік
аудит органдары қызметінің жоғары тиімділігін байқауға болады. Зерттелген шетелдік материал негізінде біздің
еліміздің ішкі аудит жүйесі арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырудың кейбір ерекшеліктері, әдістері мен идеялары атап өтілді. Оңтүстік Кореяның тәжірибесін ескере отырып, біздің еліміз жұмыс істеуде орын алған кемшіліктерді жойып қана қоймай, сонымен бірге жалпы ішкі аудит жүйесін айтарлықтай өзгертуді қажет етеді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-206-216
PDF (Ру)