PDF (En)

Кілтті сөздер

халықаралық сауда
сыртқы экономикалық қызмет
экспорт
импорт
экспорттық тауарлар
экспорт құрылымы
сыртқы сауда айналымы

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Курилкин . A., & Аймагамбетов Y. (2023). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘЛЕМДІК САУДА ТРЕНДЕНЦИЯЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 60(3), 87–97. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-60-3-87-97

Аңдатпа

Мақалада халықаралық сауда мәселелері және әлемдік сауда тенденцияларының Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық және экспорттық қызметіне әсері графикалық, кестелік және салыстырмалы әдістер арқылы қарастырылады. Халықаралық сауда көлемінің динамикасы, салалар мен тауарлар контекстіндегі халықаралық сауданың құрылымы, сондай-ақ соңғы он жыл ішінде онда болған өзгерістер талданады. Жалпы дүниежүзілік сауда құрылымындағы аймақтық сауданың ерекшеліктері көрсетілген. Халықаралық сауда көлемінің өсу тенденциялары, оның құрылымының қосылған құны жоғары тауарлар үлесінің ұлғаюына қарай өзгеруі, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Еуропа Одағы елдерінің жетекші позицияларын сақтай отырып, халықаралық сауданы аймақтандыру ашылады. Авторлар Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы мен экспортындағы өзгерістерге, экспортқа шығарылатын негізгі қазақстандық тауарлардың динамикасына, елдің сыртқы сауда айналымының географиялық құрылымына талдау жасады.Мақалада Қазақстанның сыртқы саудасының қарқындылығының көрсеткіштері көрсетілген. Оның 2014-2022 жылдар аралығындағы тиімділігінің есептеулері жүргізілді. Мақала отандық және шетелдік дерекқорлардағы көптеген материалдарға негізделген. Жалпы алғанда, талдау негізінде Қазақстан Республикасының экспорттық белсенділігіне әлемдік сауда тенденцияларының әсері анықталды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-60-3-87-97
PDF (En)