Аңдатпа
Мемлекеттік жастар саясаты – бұл жастарды қолдау мақсатында мемлекет жүзеге асыратын кешенді шаралар жүйесі. Білім беру саласы маңыздылығы мен тиімділігі жағынан мемлекеттің осы қызметінің басым бағыты болып табылады. Оны үздіксіз жетілдірудің арқасында қоғамның стратегиялық ресурсы ретінде жастарды дамытуға болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында жастар Қазақстан мемлекеті дамуының жаңа саяси-экономикалық бағытының қозғаушы күші деп орынды аталды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ қоғамның ең нәзік және осалқұрамдас бөлігі болып табылады, ол барлық тәуекелдер мен проблемалардың өткір әсеріне ұшырайды. Социологиялық зерттеулер бүгінгі жастардың қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени-ағартушылық дамуы тәуелді болып отырған еліміздегі жастар
саясатын жүзеге асыру бағдарламасының тиімділігімен өскелең ұрпақтың 76,7 пайызы бейхабар екенін көрсетеді.