Аңдатпа
Жасыл экономиканы дамытуға байланысты проблемалар әлемнің барлық елдерінде бар. Бұл проблемалар әсіресе экономикалық өсуі отын көміртегі қазбаларын өндіруге тәуелді дамушы елдерде өзекті болып табылады.
Бұл зерттеудің мақсаты - жасыл экономиканыың дамуын тежейтін проблемаларды және осы мәселелерді шешудегі жоғары мемлекеттік аудит органдарының рөлін анықтау.
Соңғы жылдары жоғары аудиторлық органдар (ЖАО) Үкіметтің есептілігі мен аудит сапасын арттыру тәсілі ретінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың құндылығына көбірек сенуде. Күнделікті іс-шаралар барысында азаматтық қоғаммен үздіксіз ынтымақтастыққа қарамастан, бұл COVID-19 пандемиясы сияқты жаһандық төтенше жағдайлар кезінде бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Көтерілген мәселе Қазақстан үшін де өзекті.
Мақалада тақырып бойынша әдеби шолу жасалады, оның негізінде ЖАО-ның қалыптасқан нақты деректерге сәйкес аудит арқылы өзінің қоғамдық пайдалылығын арттыруға деген ұмтылысы туралы қорытынды жасалады. Алайда, біз энергетикалық есептілікке едәуір қатыса отырып, осы рөлді арттыру шараларын ұсындық.