Аңдатпа
Денсаулық сақтауды қаржыландырудың тиімділігін арттыру – пандемиядан кейінгі кезеңде денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытудың негізгі міндеттерінің бірі. Бұл міндетті жүзеге асыру көбінесе сәйкес құралдарды, әдістер мен механизмдерді дұрыс таңдауға байланысты және қолда бар ресурстармен және олардың көздерімен анықталады. Мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын тиімді жүзеге асыру құралдарының бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Мақалада Қазақстан Республикасындағы пандемиядан кейінгі кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылған. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көздеріне талдау жүргізілді. Талдау негізінде авторлар денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз етудегі негізгі мәселелер мен кемшіліктерді анықтады. Осы мәселелерді шешу үшін халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру шаралары қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу нәтижелілігін арттыру бойынша негізгі ұсынымдар ретінде авторлар азаматтардың медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету және МӘМС саласында олардың мүдделерін қорғау міндеттері болып табылатын пациентке бағытталған модельге көшу қажеттілігін негіздеді.