Аңдатпа
Қазіргі әлемде мемлекеттің рөлін, оның функцияларын және қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасын түсінуді қайта қарастыру үрдісі байқалады. Тиімді реформа бүкіл қоғамның күш-жігерін және диалог үшін биліктің ашықтығын талап етеді, ал асығыс шешімдер айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік шығындарға әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне аудитті сыртқы мемлекеттік аудит органдары халықаралық стандарттар мен рәсімдерге негізделген бірқатар нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарында үнемділік, тиімділік және нәтижелілік тұрғысынан мәні айқындалған тиімділік өлшемшарттары мен көрсеткіштері жүйесі негізінде жүргізеді. Алайда, мемлекеттік органдардың қызметіне аудит жүргізу бойынша ғылыми және практикалық тәсілдер мен шетелдік тәжірибені талдау бүгінгі күні мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне аудит жүргізудің дұрыстығы мәселесі бойынша бірыңғай пікір жоқ екенін атап өтуге болады. Бұл ретте, жүргізілген зерттеу бойынша аудит жүргізу әдіснамасындағы және аудит шеңберінде мәселелерді қараудың екіұштылығын да анықтады, және аудиторлық іс-шараны жүргізудің дұрыстығын айқындау бойынша түсініссіздікті тудырды. Нәтижесінде осы аудиттің теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілерін терең зерттеу және оның негізінде мемлекеттік басқару жүйесі мен экономикадағы ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, әдістемені жетілдірудің объективті қажеттілігі туындады, бұл мақала тақырыбының өзектілігін анықтайды.