Аңдатпа
Мақалада 2021 жылы жүргізілген, мақсаты кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігін, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жекелеген іс-шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау бо-лып табылатын аудиторлық іс-шараның
қорытындылары қаралады. Мемлекеттік аудит барысында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жекелеген іс-шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамы-ту басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік филиалының (бұдан әрі – Қаржы агенттігі) құрылтай құжаттарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде айқындалған өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкестігіне қызметін тал-дау Басқарма мен Қаржы агенттігі тарапы-нан тұтастай алғанда инвестициялар тартуға, өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған біркелкі жұмыс жүргізілетінін көрсетті. Қорытындылай келе, бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арт-тыруға бағытталған ұсынымдар беріледі.