##article.abstract##
Мақалада мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі ретінде клиентке бағдарланған тәсілді дамыту контексінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесі талда-нады. Зерттеудің мақсаты – эмпирикалық деректерді талдау негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету-дің инновациялық құралдарын енгізудің тиімділігін бағалау, сондай-ақ олардың сапаға, қолжетімділікке және азаматтардың қанағаттану деңгейіне әсерін анықтау болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық базасы талдаудың сандық және сапалық әдістерін аралас қолдануға негіздел-ген. Эмпирикалық негізді электрондық үкіметтің цифрлық платформасын пайдалана отырып жүргізіл-ген халыққа әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері (№ = 27 336), сондай-ақ ресми статистика деректері, уәкілетті мемлекеттік органдардың талдамалық есептері және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру мен реформалау процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар құрайды.
Зерттеу нәтижелері цифрлық және инновациялық құралдарды енгізудің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл рәсімдерді жеделдетуге және мемлекеттік қызметтердің операциялық тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, техникалық іркілістермен, шамадан тыс бюрократияландырумен, ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз интеграциялануымен және халықтың цифрлық құзыреттерінің әртүрлілігімен байланысты жүйелі шектеулер анықталды. Бұл цифрлық теңсіздік тәуекелдерінен көрініс тауып, клиентке бағдарлану деңгейін төмендетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы цифрлық трансформация жағдайында мемлекеттік қызметтердің клиентке бағдарлануын кешенді эмпирикалық бағалауда жатыр. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған қорытындыларды мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру кезінде пайдалану мүмкіндігінен тұрады.
