Жарнамалар

Рецензенттерді қабылдау туралы хабарландыру

«Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» ғылыми-практикалық журналының редакциясы мамандарды рецензент ретінде ынтымақтастыққа шақырады.

Журнал мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік саясат және сабақтас бағыттар бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық мақалаларды жариялайды. Бұл ретте академиялық адалдық, тәуелсіз сараптамалық бағалау қағидаттары мен жариялау этикасының халықаралық стандарттары басшылыққа алынады.

Қолжазбалар қосарланған жасырын рецензиялау (double-blind peer review) қағидаты негізінде, құрылымдалған бағалау нысанын пайдалана отырып рецензияланады.

Рецензенттерге қойылатын талаптар:

  1. ғылыми дәрежесінің (PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы) болуы немесе журналдың тақырыптық бағыты бойынша жарияланымдарының болуы;

  2. ғылыми-зерттеу және (немесе) сараптамалық жұмыс тәжірибесінің болуы;

  3. рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған мақалаларының болуы;

  4. ғылыми талдаудың академиялық стилін меңгеруі;

  5. құпиялылық және жариялау этикасы қағидаттарын сақтауы.

Рецензенттің міндеттері:

  1. ұсынылған қолжазбаға объективті, дәлелді және ғылыми негізделген рецензия дайындау;

  2. ғылыми жаңалығын, әдіснамалық дұрыстығын, практикалық маңыздылығын және журналдың бейініне сәйкестігін бағалау;

  3. рецензиялау үшін белгіленген мерзімдерді сақтау.

Ынтымақтастық шарттары:

  1. рецензиялау өтеусіз негізде жүзеге асырылады;

  2. сұрау салу бойынша рецензент сертификаты беріледі;

  3. рецензенттің қатысуымен дайындалған мақаланы ұйымдастырушылық жарна төлемей жариялау мүмкіндігі қарастырылған.

Ынтымақтастыққа мүдделі мамандардан түйіндемесін (CV) редакцияның электрондық поштасына жіберу сұралады: journal@gov-audit.kz.

Журнал редакциясы жарияланатын зерттеулердің ғылыми сапасы мен практикалық маңыздылығын арттыруға үлес қосатын барлық мамандарға алғыс білдіреді.