Рецензенттерге арналған нұсқаулық
1. Рецензия жіберу үшін тіркелу қажет:
1.1. Пайдаланушы деректерін толтыру:
-
аты мен тегін көрсету;
-
«Ұйым» өрісінде жұмыс орнын көрсету;
-
ашылмалы тізімнен елді таңдау;
-
e-mail (электрондық пошта) мекенжайын енгізу;
-
пайдаланушы атын көрсету (латын әліпбиімен, кіші әріптермен);
-
құпиясөз орнату және оны қайталап енгізу немесе кездейсоқ құпиясөз жасау.
1.2. Деректерді жинауға және сақтауға келісім беру үшін тиісті бөлімдерге белгі қою:
-
Иә, мен Құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес деректерімді жинауға және сақтауға келісім беремін;
-
Иә, мен жаңа жарияланымдар мен хабарландырулар туралы хабарламалар алғым келеді (қажет болған жағдайда).
1.3. Ашылмалы тізімнен пайдаланушы рөлдерін таңдау (Рецензент):
-
Оқырман;
-
Автор;
-
Рецензент.
1.4. Соңында «Тіркелу» батырмасын басу.
2. Жеке кабинетте «Жіберілген материалдар» қойындысы пайда болады. «Менің тапсырмаларым» бөлімінде рецензиялауға тағайындалған мақалалардың тізімі ұсынылады. Рецензиялау процесін бастау үшін «Қарау» батырмасын басу қажет.
2.1. «Сұрау салу» кезеңі:
-
рецензиялауға келісім беру;
-
«Жалғастыру» батырмасын басу.
2.2. «Нұсқаулық» кезеңі:
-
ережелермен танысу;
-
«Жалғастыру» батырмасын басу.
2.3. «Жүктеу және рецензиялау» кезеңі:
-
материалмен танысу;
-
рецензиялау нысанындағы барлық сұрақтарға жауап беру;
-
рецензияны аяқтаған кезде тиісті шешімді таңдау:
-
жариялауға қабылдау;
-
пысықтауға жіберу;
-
қабылдамау;
-
-
қажет болған жағдайда «Рецензиялауды талқылау» бөлімінде түсініктемелер қосу;
-
тиісті ұсынымды таңдап, редакциялау процесін аяқтау үшін рецензияны жіберу.
Рецензиялауға арналған мақалалар келіп түскен кезде тіркелу барысында көрсетілген электрондық пошта мекенжайыңызға хабарлама жіберіледі.
Рецензияларды уақтылы жіберу және белгіленген талаптарды сақтау қажет.