Аңдатпа
Қазіргі таңда ішкі көші-қон мәселесі әлем елдерінің әлеуметтік және экономикалық
динамикасына әсер ететін маңызды факторға айналуда. Бұл мақала ішкі көші-қонның ағымдағы
тенденцияларын қарастырады, оның аймақтық және халықаралық деңгейдегі себептері мен сал-
дарын анықтайды. Салыстырмалы талдау негізінде ішкі көші-қонды басқарудың қаржылық ын-
таландыру, салық жеңілдіктері, әлеуметтік бағдарламалар мен саналуан қолдау шаралары сияқты
құралдары талқыланады. Нәтижесінде экономикалық қиындықтар, қақтығыстар мен климат-
тың өзгеруі жаңа ішкі көші-қон ағындарының қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны және
бұл ел үкіметтерінің жіті назарын талап ететіні анықталды. Сондай-ақ, жаһандану жағдай-
ында көші-қон ағындарын басқаруда және аймақтардағы шиеленістерді төмендету тәсілдерін
әзірлеуде аймақтық өзара іс-қимылдың маңыздылығы көрсетілді.