PDF (Ру)

Кілтті сөздер

сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметші, персоналды басқару тиімділігі, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Беккайыров, Н., Бимендиева, Л., & Қуандық, Ж. (2024). МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 63(2), 163–170. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-163-170

Аңдатпа

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қоғамның тұтастығына, экономикалық тұрақтылыққа және тиімді басқаруға айтарлықтай қауіп төндіреді.  Бүгінде мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көп қырлы аспектілері зерттелуде. Онда сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қолданылатын стратегиялар, соның ішінде құқықтық база, институционалдық реформалар және технологиялық жетістіктер қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық саясаты тұтастай алғанда халықаралық құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Ұлттық саясаттың негізінде халықаралық қоғамдастық қабылдаған дәстүрлі қағидаттар мен стандарттар қарастырылады. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық көлемі ұлғайып, қоғамның өмірі мен қызметінің барлық салаларын қамтыды. Халықаралық бағалаулар бойынша еліміз сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша рейтингтер шкаласында жыл сайын «жетекші орынға» ие болуда. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жалпыұлттық саясатындағы негізгі векторларды өзгерту қажеттілігі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің өсуінен туындады.

Мақаламызда мемлекеттік қызметтегі жемқорлықтың ерекше белгілері мен көріністері қарастырылып, пайда болу себептеріне толық талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі сипаттамалары жүйеленіп, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықты қалыптастырушы және дамытуды туындататын негізгі факторлар айқындалды. Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық көріністерінің таралуына мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайы мен еңбекақысының әсерін сараладық. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы зерттеушілердің пікірлері, ғылыми идеялар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық тәсілдері зерделенді.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-163-170
PDF (Ру)