PDF (Ру)

Кілтті сөздер

тұрмыс сапасы, мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Будешов, Е., & Рахметова, А. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫС САПАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢ ТӨМЕНГІ ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАРЫ (ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САЛАЛАРЫ). «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 63(2), 58–68. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-58-68

Аңдатпа

Мемлекеттік әлеуметтік стандарттау мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар ретінде ұсынылған басым әлеуметтік нормалар мен нормативтерді құқықтық регламенттеу арқылы айқындалады. Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды пайдалану әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын регламенттейтін нормалар мен нормативтердің маңыздылығын арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ негізгі мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің нақты мазмұнын ұдайы қолдауға мүмкіндік береді. Зерттеуде отандық, шетелдік авторлар және халықаралық ұйымдармен ұсынылатын әлеуметтік стандарт пен тұрмыс сапасының стандартын анықтау тәсілдемелері қарастырылады. Мемлекеттік деңгейде әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері сипатталады, ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесі қалыптасқан салалар көрсетіледі. Сонымен қатар, мақалада ең төменгі әлеуметтік стандарттардың (еңбек, әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру салаларында) қазіргі таңдағы жағдайына және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қалыптасқан тенденцияларына талдау жасалады. Нәтижесінде еліміздегі халықтың тұрмыс сапасына әсер ететін үрдістерді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізгі кемшіліктері анықталды: минималды жалақының салыстырмалы түрде төмен деңгейі және табыстың формальды деңгейі, анықталған күнкөріс деңгейі Қазақстанның белгілі бір әлеуметтік төлемдері мен жәрдемақылар мөлшерінің үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуінің себебі болып табылады. Осыған байланысты азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан лайықты тұрмыс сапасына кепілдік беретін әлеуметтік стандарттарды қамтитын нормативтік базаға түзету енгізу ұсынылды.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-58-68
PDF (Ру)