PDF (Ру)

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Nauruzbayev, A., & Берниязова, М. (2024). ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ САПАСЫНА ХАЛЫҚТЫҚ IPO ӘСЕРІ. «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ», 63(2), 122–130. https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-122-130

Аңдатпа

Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты-KASE қор биржасында тіркелген компаниялардың қаржылық деректерінің сапасына IPO/SPO халықтық бағдарламасының әсерін бағалау және инвесторлар қауымдастығына ұсыныстар беру. KASE қор биржасының іріктеме құрамына қаржы институттары мен инвестициялық холдингтерді қоспағанда, түрлі салалардан 52 жергілікті компания, 26 Мемлекеттік және 26 жеке компаниялар кірді. 2009 жылдан 2021 жылға дейінгі талданған кезең 13 жылды қамтуға және 572 теңгерімсіз панельдік бақылауды алуға мүмкіндік берді. Деректер сапасын бағалау үшін біз 1) нақты қызмет әдісі негізінде деректер манипуляциясын есептеу үшін (Kasznik, 1999) ақша ағындарының моделін қолданамыз 2) жиынтық модельмен (Roychowdhury, 2006) бірлесіп есептеу әдісі негізінде деректер манипуляциясын есептеу үшін ақша ағындарының моделін ұстанамыз. Біз Халықтық IPO/SPO бағдарламасы Мемлекеттік кәсіпорындарды ішінара жекешелендіруге және олардың негізгі инвестициялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретінін анықтадық. Гибридті меншік құрылымы бар мұндай компаниялар жеке компаниялардан асып түседі және қаржылық деректердің сапасына, қолма-қол ақшаны өндіруге, кіріске және қаржылық ақпараттарға негізделген таңдаулы инвестициялық стратегияға айналады. Талдауды күшейту үшін, біз, негізгі нәтижелерді деректер манипуляциясын есептеуге арналған өзге танымал өлшеммен салыстырамыз, (Shivakumar, 1996) бұл өлшем әдісі арнайы модельге негізделген. Біз, сондай-ақ осындай статистикалық шығындар нәтижелерін, олардың әсерін бағалау үшін нәтижені ықтимал бұрмалайтын деректерді алдын ала алып тастау арқылы негізгі инвестициялық көрсеткіштерді талдадық. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу деректердің манипуляциясын Халықтық IPO тұрғысынан талдайтын бірінші зерттеу және Қазақстан Республикасы компанияларының мысалында қаржылық деректердің сапасын меншік құрылымымен байланыстыратын бірінші зерттеу болып табылады. Іс жүзінде нәтижелер мен талқылау KASE-де тіркелген компаниялардың инвесторларына инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде пайдалы.

Түйін сөздер:  Қаржы деректерінің сапасы, меншік құрылымы, деректерді манипуляциялау, Қазақстан Республикасы, Халықтық IPO / SPO, KASE биржасы.

https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-63-2-122-130
PDF (Ру)