«МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ»: Жарнамалар https://gov-audit.kz/index.php/ma ru-RU Tue, 25 Nov 2025 04:34:18 +0600 OJS 3.3.0.8 http://blogs.law.harvard.edu/tech/rss 60 Хабарландыру https://gov-audit.kz/index.php/ma/announcement/view/11

Рецензенттерді іріктеу туралы хабарландыру

«Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» ғылыми-практикалық журналының редакциясы мамандарды рецензент ретінде ынтымақтастыққа шақырады.

Журнал мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, экономика, жария басқару, бюджеттік саясат және сабақтас бағыттар саласында ғылыми және ғылыми-практикалық мақалаларды жариялайды. Басылым академиялық адалдық қағидаттарын, тәуелсіз сараптамалық бағалауды және жарияланымдық этиканың халықаралық стандарттарын қатаң сақтайды.

Қолжазбаларды рецензиялау құрылымдалған бағалау нысанын қолдана отырып, қосарланған соқыр рецензиялау (double-blind peer review) қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Рецензенттерге қойылатын талаптар:

ғылыми дәреженің болуы (PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы) немесе журнал тақырыптамасы бойынша жарияланымдық белсенділік;

ғылыми-зерттеу және (немесе) сараптамалық жұмыс тәжірибесі;

рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың болуы;

ғылыми талдаудың академиялық стилін меңгеру;

құпиялылық және жарияланымдық этика қағидаттарын сақтау.

Рецензенттің міндеттері:

ұсынылған қолжазбаға объективті, дәлелді және ғылыми тұрғыдан негізделген рецензия дайындау;

зерттеудің ғылыми жаңалығын, әдіснамалық дұрыстығын, практикалық маңыздылығын және журнал бейініне сәйкестігін бағалау;

рецензиялау үшін белгіленген мерзімдерді сақтау.

Ынтымақтастық шарттары:

рецензиялау өтеусіз негізде жүзеге асырылады;

сұрау салу бойынша рецензент сертификаты беріледі;

рецензенттің қатысуымен мақаланы ұйымдастырушылық жарнасыз жариялау мүмкіндігі қарастырылады.

Қызығушылық танытқан мамандарға түйіндемені (CV) редакцияның электрондық поштасына жолдау ұсынылады: [journal@gov-audit.kz].

Журнал редакциясы жарияланатын зерттеулердің ғылыми сапасы мен практикалық маңыздылығын арттыруға үлес қосып жүрген барлық мамандарға алғысын білдіреді.

https://gov-audit.kz/index.php/ma/announcement/view/11 Tue, 25 Nov 2025 04:34:18 +0600